Колумбияның Толима провинциясында бұқалардың мүйіздесуі, яғни коррида үшін салынған аренада трибуна құлап, төрт адам қаза тапты. 500 адам түрлі деңгейде жарақат алды, деп хабарлайды inbusiness.kz El Comercio сайтына сілтеме жасап.
Соңғы мәлімет бойынша, қаза болғандардың үшеуі – ересек адамдар, біреуі – кәмелетке толмаған бала. Үйінділердің астында екі адам қалып қойған. Қазір құтқару-іздестіру жұмыстары жүріп жатыр.
Оқиға елдің орталығындағы Толима провинциясындағы Эль-Эспиналь қаласында болды. Ағаш трибунаның бірнеше бөлігі көрермендердің салмағын көтере алмай опырылып түскен.
Мамандар оның құлауына нақты не себеп болғанын анықтап жатыр.
Табиғат Нұрболат
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу