Колумбияның оңтүстік-батысындағы Мокоа қаласында лай көшкіні жүріп, 254 адам ажал құшты. Тағы 400-ден астамы түрлі дәрежеде жараланған. Ізім-ғайым жоғалып кеткендер бар, деп хабарлайды 24.kz.
Алайда қаза болғандардың нақты саны әзірге белгісіз. Табиғи апатқа су тасқыны себеп болды. Өңірдегі үш бірдей өзен арнасынан тасыған. Лай көшкіні түнде жүргендіктен, ұйқыда жатқан тұрғындар дер кезінде әрекет ете алмапты.
Қазір қалада іздестіру-құтқару жұмыстары жүріп жатыр. Оған мыңнан аса полицей мен сарбаз тартылды. Осы ретте көрші ел Венесуэла билігі жауынгерлерін көмекке жіберетінін айтты. Сондай-ақ Еуроодақ өкілдері де марқұмдардың жақындарына көңіл айтып, жәрдемдесуге әзір екенін жеткізді.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу