Колумбияда лаңкестік оқиға болды

533

Бомба Антьокия департаментінде (облыс, аудан) іске қосылды. 

Колумбияда лаңкестік оқиға болды Фото: www.aa.com.tr

Колумбияда қолдан жасалған жарылғыш құрылғының жарылуы нәтижесінде 14 полиция қызметкері зардап шекті, деп хабарлайды inbusiness.kz Anadolu агенттігіне сілтеме жасап.

Оқиға Антьокия департаментінің Йондо ауылында Колумбия ұлттық полициясының (ESMAD) қызметкерлері жеке нысандардың бірінен адамдарды эвакуациялау кезінде болды.

Жараланған үш адамның жағдайы ауыр деп танылды. Оқиға аймағына дәрігерлер мен құтқарушы топ жіберілді.

Антьокия губернаторы Анибал Гавириа Корреа шабуылға қатысы бар адамдарды табуға көмек көрсеткендерге қомақты ақшалай сыйақы төленетінін мәлімдеді.

"Біз кінәлілерді анықтағанға дейін жұмыс істейміз. Зардап шеккендердің тезірек сауығып кетуін тілеймін", - деді Корреа.

Колумбия бұқаралық ақпарат құралдары лаңкестік шабуылға жекеменшік мұнай компания мүлкісін тартып алуына шағым түсіруі түркі болуы мүмкін деп жазады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу