Колумбияда мыңдаған такси жүргізушісі ереуілге шықты

961

Колумбияда мыңдаған такси жүргізушісі ереуілге шықты

Колумбияда мыңдаған такси жүргізушісі Uber қосымшасына қарсылық білдіріп, ереуілге шықты, деп хабарлайды 24.kz.
Шеруге шыққандар ел астанасы Богота қаласындағы басты жолдарды жауып тастап, көлік қозғалысын қиындатты. Бұзақылық жасап, көше бойында тұрған көліктерге зақым келтірді. Ереуілшілерді тарату үшін тәртіп сақшылары көзден жас ағызатын газ қолданған.

Ашынған шерушілер Uber тарапынан әділетсіз бәсеке туындап жатқанын айтады. Өйткені онлайн такси шақырту қызметіндегілердің бірде-бірі арнайы рұқсаты бар жүргізушілер сияқты төлем төлемейді екен. Сондай-ақ жолаушыларды тасымалдау құны да арзан көрінеді. Соның кесірінен ереуілшілер "тауып жүрген нәпақадан қағыламыз" дейді.

"Негізі біздің құқықтарымызды үкімет қорғауы тиіс. Өйткені заңға қайшы келетін әрекет жасап жатқан жоқпыз. Жолаушылар тасымалдауға қажетті құжаттың барлығы бар. Сонда біреулер адал еңбекпен тапқан ақшасынан салық төлесе, басқалар мойнына еш міндеттеме алмай-ақ емін-еркін жүре бере ме?", - дейді такси жүргізушісі Уилльям Тривино.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу