Колумбияда нөсер жаңбырдан 30 мыңнан астам отбасы зардап шекті

690

Тұрғындарға көмек көрсетіліп жатыр.

Колумбияда нөсер жаңбырдан 30 мыңнан астам отбасы зардап шекті

Колумбияда нөсер жаңбыр, сел, көшкін мен су тасқыны салдарынан 30 мыңнан астам отбасы зардап шекті, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Апат Магдалена, Антокия және Каука департаменттері мен Боливарда болды. Жергілікті билік жауын-шашын маусымдық нормадан бірнеше есе асып түскенін, бірқатар өңірде ТЖ режимі жарияланғанын хабарлады.

Қазір апаттан зардап шеккен отбасыларға көмек көрсетіліп жатыр. Сан-Хасинто-дель-Каука, Маганге, Санта-Крус-де-Момпокс, Сикуко, Талаигуа, Каламар, Эль-Гуамо, Сан Хуан Непомусено және Эль Кармен де Боливар қалаларында қала тұрғындарына қажетті заттар таратылуда.

Билік өзендердің арнасынан асу қаупі бар екенін айтып, тұрғындарды қауіпсіздік шараларын сақтауға шақырды. 

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу