Колумбияда педофилдер өмір бойына бас бостандығынан айырылады

723

Ел парламенті осыған қатысты құжатты мақұлдады.

Колумбияда педофилдер өмір бойына бас бостандығынан айырылады

Колумбия парламенті кәмелеттік жасқа толмағандарды зорлаған азаматтарды өмір бойына бас бостандығынан айыру туралы құжатты қабылдады. Бұл туралы жергілікті ақпарат құралдары хабарлап жатыр. 

Ресми дерек бойынша, бұл заң Сенат отырысы кезінде қабылданған. Бастаманы 108 сенатордың 75-і қолдап дауыс берген. Ал оппозиция өкілдері дауыс беруден бас тартқан. Олардың ойынша,  бұл шара ел конституциясына қайшы келетін көрінеді. Енді заң ресми түрде жариялағаннан кейін күшіне енеді. 

Ескере кететін жайт, мақұлданған жазалау шарасы 25 жыл өткеннен кейін қайтадан қарастырылуы мүмкін.

Табиғат Нұрболат
Фото: dw.com

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу