Колумбияда президент сайлауының бірінші кезеңі аяқталды

690

Колумбияда президент сайлауының бірінші кезеңі аяқталды

Колумбияда өткен президент сайлауының бірінші кезеңі жеңімпазды анықтамады, деп хабарлайды 24.kz.

Мемлекеттің заңнамасына сәйкес келесі кезеңге өту үшін үміткер кем дегенде 50 пайыз дауыс жинау керек болатын. Алайда кандидаттардың ешқайсысы да мұндай көрсеткішке қол жеткізе алмады.

Ресми деректер бойынша президенттікке үміткер Иван Дуке 39 пайыз дауыс жинаған. Ал оның қарсыласы партизандық 19 сәуір көтерілісі қозғалысының көшбасшысы Густаво Петро 25 пайызды иемденген.

Саяси доданың екінші кезеңі 17 маусымда өтеді.

Айта кету керек, ел басқаруға бақ сынап жатқан екі үміткердің елдің болашағына қатысты саяси көзқарастары бір-біріне қарама-қайшы.

"Президенттік сайлаудың бірінші кезеңі Колумбия халқының саяси белсенділігін байқатты. Мен екі кандидатқа да құттықтау лебіздерімді жіберіп үлгердім. Саяси доданың екінші кезеңі де әділетті өтіп, ел таңдаған үміткер президент болса екен деген тілегім бар", - дейді Либералды партиядан үміткер Умберто де ла Калье.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу