Кукунубадағы көмір шахтасындағы жарылыстан кем дегенде 3 үш адам қаза тапты, тағы төртеуі хабар-ошарсыз кетті, деп хабарлайды inbusiness.kz Колумбияның ұлттық тау-кен агенттігіне сілтеме жасап.
"Агенттік алдын-ала мәліметтер бойынша, Кундинамарка департаменті, Кукунуба көмір шахталарында жарылыс болғаннан кейін, төрт жұмысшы құтқарылды, төртеуі жоғалып кетті. Үш адамның өлі денесі табылып, жер астынан шығарылды", - делінген хабарламада.
Жарылыстың себептері әлі анықталған жоқ, іздеу-құтқару жұмыстары жалғасуда.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу