Колумбияның солтүстігінде әскери тікұшақ апатқа ұшырап, 9 адам қаза тапты, деп жазады Inbusiness.kz cайты.
Қаза тапқандардың арасында бір генерал бар.
HK3395 Ми-17 тікұшағы Боливар департаментіндегі Гуараперия ауылының аумағында апатқа ұшырады.
Әскери тікұшақ "Клан дель Гольфо" есірткі картеліне қарсы операцияға қатысқаны туралы хабарланды.
Тікұшақ апатының себебін анықтау үшін тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.
Жыл басынан бері елде тікұшақ апаттары жиіленіп, салдарынан біраз әскери қызметшілер қаза тапты.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу