Колумбияда ұшақ апатынан қаза тапқандар саны артып барады

Жантүршігерлік оқиға дүйсенбі күні Колумбияның оңтүстігінде болды.   

Колумбияда ұшақ апатынан қаза тапқандар саны артып барады Фото: Синьхуа агенттігі

Бұған дейін 66 адамның қайтыс болғаны туралы ақпарат хабарланған еді. 

Енді Путумайо аймағында тіркелген әскери ұшақ апатынан жан тапсырғандар саны 68 адамға жетті, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Соңғы ақпараттарды Пуэрто-Легисамо қаласының мэрі Луис Эмилио Бустос мәлім етті. Оның сөзінше, бортында 128 адам болған Колумбияның Әуе-ғарыштық күштеріне тиесілі C-130 Hercules әскери-транспорт ұшағы Пуэрто-Легисамодан Пуэрто-Асиске ұшып шыққаннан соң көп ұзамай-ақ төменге құлдилаған.

Мэрдің айтуынша, қайта жергілікті тұрғындар бірнеше адамды құтқарған. Соның арқасында аман қалғандар саны едәуір артып отыр.

Ел президенті Густаво Петро ұшақтың 40 жылдан аса уақыт пайдаланылғанын және оны АҚШ-тан экс-президент Иван Дукенің (2018-2022 жылдары қызмет атқарған) алғанын мәлімдеген.

Қазір ақаудың шығу себептері анықталып жатыр. Жергілікті билік өкілдері оқиға жан-жақты зерттелетінін жеткізді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу