Колумбияда сәуір айының аяғынан бері өткен ереуілдерге қатысқан 80-нен астам адам жоғалып кетті, деп хабарлайды Inbusiness.kz Оңтүстік Америка Республикасының бас прокуратурасына сілтеме жасап.
"572 адамның 84-інің қайда екенін анықтауымыз керек", – деп жазылған ресми хабарламада.
Бұл елде салық реформасына қарсы нарызылық шаралары 28 сәуірде басталған еді. Тәртіпсіздіктер Богота, Кали, Медельин және басқа қалаларын шарпыды. Кейінірек үкімет реформа жоспарына өзгерістер енгізуге келісіп, қаржы министрі отставкаға кетті. Бірақ наразылықтар басылмады. Осы күнге дейін тәртіпсіздіктер барысында 2,3 мыңнан астам адам жарақат алып, кем дегенде 50 адам қаза тапты.
Табиғат Нұрболат