Колумбиядағы ереуілдер басылар емес

667

200 мыңға жуық жергілікті тұрғын бас көтерген.

Колумбиядағы ереуілдер басылар емес

Колумбия еліндегі ереуілдер әлі де жалғасатын болды. Наразы халықтың үкіметпен жүргізген келіссөздері нәтиже бермеді. Бұл туралы жергілікті ақпарат құралдары хабарлап жатыр. 
Елдегі жұмысшылар орталық бірлестігінің басшысы Диогенес Орхуэланың айтуынша, әзірге билікпен келісімге келу мүмкін болмай отыр, сондықтан алдағы уақытта тағы да кездесулер болады. Сонымен қатар ол 9 желтоқсанда жалақыны көтеруге бағытталған шаралар өтіп, ал кейін салықтық реформаға қатысты ереуілдер басталатынын мәлімдеді. 

Айта кетейік, Колумбиядағы наразылық шараларының басталғанына екі аптадай болған. Ресми дерек бойынша, 200 мыңға жуық жергілікті тұрғын қала көшелеріне шыққан. Халық биліктің экономикалық саясаты мен оның жеткілікті түрде қылмыспен күрес жүргізбей отырғанына наразы. 

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу