Колумбиядағы ереуілдер салық мөлшерінің төмендеуіне түрткі болды

1070

Сондай-ақ әлеуметтік төлемдер де өспек.

Колумбиядағы ереуілдер салық мөлшерінің төмендеуіне түрткі болды

Колумбия президенті Иван Дуке салықтық жүктеме төмендетіліп, жаңа жұмыс орындары құрылатынын мәлім етті. Бұл жай бастама емес. Президент бұл қадамға шарасыздан барып отыр. Оның мұндай мәлімдеме жасауына кәсіподақ басшыларының  келіссөз жүргізуден бас тартып, қайтадан ереуілге шығамыз деп жариялауы итермелеген. 

Жаңа заң бойынша, тұрмысы төмен отбасылар қосылған құнға салынатын салықтан босатылады. Сондай-ақ әлеуметтік төлемдер де өсетін болады.  Айта кету керек, Колумбия халқының шамамен 20%-ы тұрмысы төмен жандар. 

Өткен аптада Колумбияда 200 мыңға жуық адам бас көтеріп, елдің бірқатар қаласын ереуілдер шарпыған еді. Тәртіп сақшыларымен қақтығыста 4 кісі қаза тауып, жүздегені жарақат алған. Жергілікті халық президенттің қазіргі экономикалық саясатына және биліктің жемқорлыққа қарсы күреске бейіл қоймауына наразылығын білдірді. 

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу