Колумбиядағы көшкіннен кейін қаза тапқандар саны артып жатыр

178

24 маусымда Колумбияның Медельин қаласында қатты жауын-шашыннан кейін көшкін жүрген болатын, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Колумбиядағы көшкіннен кейін қаза тапқандар саны артып жатыр Фото: Anadolu

Табиғи апат салдарынан 22 адам қайтыс болса, тағы 8 адам із-түзсіз жоғалғандар қатарында.

Антьокия департаменті губернаторы әкімшілігінің мәліметінше, жаңбырдан кейін көшкін жүрген Бельо мен Альтос-де-Ориенте аудандарынан басқа да белгісіз мәйіттер табылған.

Мәлімдемеде құтқару жұмыстары 390-нан астам маманның қатысуымен жалғасып жатқаны атап өтілген. Құтқарушылар үйінді астында қалғандарды шығару үшін бар күшін салып жатыр.

Сондай-ақ бұл аудандағы көптеген үй опырылу қаупі жоғары беткейлерде салынғандықтан, аса қауіпті аймақта орналасқаны айтылған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу