Колумбияның бұрынғы президенті Белисарио Бетанкур қайтыс болды, деп хабарлайды eluniversal.com-ға сілтемемен ҚазАқпарат.
Бетанкур жұма, 7 желтоқсанда Богота қаласында 95 жасында көз жұмды.
Белисарио Бетанкур 1982-1986 жылдары Колумбия президенті болды. Оның басшылығымен Колумбия Революциялық әскер күштері және өзге де көтерілісшілермен арада болған қарулы қақтығыстарды бейбіт жолмен шешу жолдарын іздеу басталған еді. Ол басқарған тұста Колумбиядағы азаматтық соғыстың ең бір шырқау шегі - Боготодағы әділ сот сарайына "М-19" қозғалысы көтерілісшілерінің шабуыл жасау оқиғасы орын алды. Сондай-ақ Бетанкур 1986 жылы Колумбияда қаржының жетіспеуінен футболдан әлем чемпионатын өткізуден бас тартқан.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу