"Қолымды қатты қысты": Байжанов Салтанаттың өлер алдындағы әрекетін айтты

2754

Ол өз сөзін зардап шеккен тараптан кешірім сұрап, өкініш білдіруден бастады. 

"Қолымды қатты қысты": Байжанов Салтанаттың өлер алдындағы әрекетін айтты Фото: видео скриншот

Бұрынғы экономика министрі Қуандық Бишімбаев ісі бойынша екінші айыпталушы сотта куәлік етуде, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Б.Байжанов 9 қараша қалыпты күн болғаны, салық, жалақы, жөндеу сияқты өзекті мәселелерді шешкенін, аспаздармен ас мәзірін талқылағанын айтты.  

"Бишімбаев маған "мейрамхана неге ашық?!" деп айқайлады. Ол мейрамхананың жабылуын талап етіп, мейрамхананың не үшін жабылу керектігін айтпады. Мен де сұрамадым. Бишімбаевпен ешқашан дауласқан емеспін, оның нұсқауларына қарсы шыққан емеспін. Салтанатты соңғы рет көргенімде орнынан тұрып, қолымды қатты қысты. Ол тірі еді, оның қашан өлгенін білмеймін. Бишімбаевтың жазбаны алып тастауға бұйрық бергенін мойындаймын. Видеоны өшіруді тапсырдым, бірақ өлім туралы білмедім", - деді Байжанов. 

Байжанов егер Салтанаттың өлгенін білсем және Бишімбаев Салтанатты видеода ұрып жатқанын білсем, видеоны ешқашан өшірмес едім дейді. 

Айта кетейік, Бақытжан Байжановқа Қылмыстық кодекстің "Қылмысты жасырып қалу" (432-бап) және "Қылмыс туралы хабарламау" (434-бап) баптары бойынша айып тағылған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу