Қолын жумаған тұтынушылар гипермаркеттер мен супермаркеттерге кірмейді

872

Санитайзерлер тұтынушыларды қатаң қадағалайтын болды. 

Қолын жумаған тұтынушылар гипермаркеттер мен супермаркеттерге кірмейді

Елорда әкімі Алтай Көлгінов тегін маска бірінші кезекте медицина мамандарына, әскери адамдарға, полицияға, блок-бекеттердегі санитарлық қызметкерлерге, зейнеткерлерге, жедел жәрдем өкілдеріне және тіркеуде тұрған науқастарға берілетінін айтты. 

"Жоғарыдағы санаттағы азаматтарға 300 мың медициналық маска таратылды. Ірі гипермаркеттерде тұтынушыларға 30 мың маска үлестірілді", – деді Алтай Көлгінов.

Оның сөзінше, қалаға 1 млн маска келген. Дегенмен тапшылық бар. "Europharma, Biospher, "Гиппократ" сынды дәріханалар желісі арқылы бір адамға 5 дана маска сатылып жатыр. Бұған қоса маска тігу қолға алынды", – деді шаһар басшысы. 

Айтпақшы, гипермаркеттер мен супермаркеттерде жаңа талап енгізіліпті. 
Бұл туралы Алтай Көлгінов былай деді: "Бұдан былай гипермаркеттер мен супермаркеттерде тұтынушылардан қол жуу талап етіледі. Санитайзерлер тұтынушыларды қатаң қадағалайды". 

Қанат Махамбет

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу