Бұл туралы 12 қазанда Александр Лукашенко Тәжікстанның Мәжіліс палатасының төрағасы Оли Махмадтоир Зокирзодамен кездесуде мәлімдеді.
"Біздің халықтар бір-біріне ұқсайды, тіпті, айырмашылығы жоқ десем болады: мейірімді, еңбекқор, дарынды халықтар. Содан болар екі ел арасындағы байланыста жетістікке жеткеніміз", – деді ол.
Оның айтуынша, ол Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмонмен ширек ғасырдан астам уақыт таныс.
"Біздің жүріп өткен жолымыз оңай болды деп айта алмайсың, дегенмен кеше кешке мен оған: "біз осынша бірге өмір сүрсек те, бір қатты сөйлеп, ұрысып, тіпті, дауласпаған екенбіз", – дедім. Бізде қандай мәселе болмасын, әрқашан біртұтас ұстаным болды. Бір-бірімізді дос болғаннан емес, бірдей ойлай алғаннан кейін қолдап келеміз. Мен үшін ол әрқашан өз Отанына адал, жанқияр адам", – деп атап өтті Беларусь көшбасшысы.
Сонымен қатар Лукашенко Беларусь пен Тәжікстанның басшылары ғана қолына қару алып, елде егемендік пен қауіпсіздікті қорғауға дайын екенін атап өтті.
Оның айтуынша, бұл мәлімдеме сөз жүзінде емес, кезінде іспен дәлелденген. Өйткені Лукашенко 2020 жылы қолына автомат алуға мәжбүр болған, ал Эмомали Рахмон "Тәжікстан үшін қазіргі мемлекеттіліктің алғашқы күндерінде шайқасты".
Өз кезегінде Махмадтоир Зокиров Тәжікстан халқы Беларусь көшбасшысын дана саясаткер ретінде біледі және оны ашықтығы үшін бағалайтынын атап өтті.