Қолында сәби болған адамды көлік қағып кетті

720

Рудныйда бала көтеріп, жолдан өтіп бара жатқан ер адамды көлік қағып кетті, деп жазады inbusiness.kz облыстық полиция департаментіне сілтеме жасап.

Қолында сәби болған адамды көлік қағып кетті

"Рудный қаласында 18 жастағы жүргізуші Ресейде тіркелген "ВАЗ-2112" автокөлігін басқарып келе жатып, реттелмейтін жаяу жүргіншілер жолағында бала көтерген жаяу адамды қағып кетті. Оқиға салдарынан жаяу жүргінші мен бала түрлі дене жарақатын алды. Олар Рудный қалалық ауруханасына жеткізілді", – деп хабарлады облыстық полиция департаментінен.

Жүргізушіге қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабының 1-бөлігі ("Автомобиль, троллейбус, трамвай немесе өзге де механикалық көлік құралын басқарған адамның абайсызда адам денсаулығына орташа ауырлықтағы зиян келтіруге әкеп соққан жол жүру немесе көлік құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы") бойынша сотқа дейінгі іс қозғалды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу