"Қомақты қаражат ұсынды": Аша Матай "Қалаулым" бағдарламасының құпиясын ашты

2533

Танымал әнші, актриса, тележүргізуші Аша Матай атышулы бағдарламаның ел білмейтін тұсын айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты "Taboo" бағдарламасына сілтеме жасап. 

"Қомақты қаражат ұсынды": Аша Матай "Қалаулым" бағдарламасының құпиясын ашты Фото: Бейнежазбадан

Ол кезінде "Қалаулым" бағдарламасының жүргізушісі болған.  

"Түрлі отандық арналарда жұмыс істедім. "Бір болайық" пен "Қосылайыққа" да жүргізуші болуға ұсыныс түсті. Бірақ бас тарттым. Өйткені әр жұмыстың өзінің шығар биігі болады. Мен "Қалаулымда" сол биікке көтерілдім. Мақсатым орындалды. Одан кейін қайтып барып, сүйкімімді кетіргім келген жоқ. Ол жобаны жақсы көремін, әріптестерімді сыйлаймын. Кішкентай балам секілді. Қатысушылармен де қарым-қатынасымыз жақсы. Өздерің де естіген боларсыздар, қаншама қоғамда наразылық тудырды. Маған неше түрлі сөз айтылды. Оның бәрін көтеру оңай емес. Тіпті, өнерде сыйласып жүрген аға-әпкелерім де мені жамандады. Бір жолыққанымызда "Саған емес, бағдарламаға қарсымыз" деп ақталды. Ал ол бағдарламада да менің қолтаңбам бар еді. Бәрі өткен уақыттың еншісінде қалды", – дейді әнші.

Оның айтуынша, бағдарламаның ел білмейтін құпиясы көп көрінеді.

"Бағдарламаны жүргізбеуім үшін қомақты қаражат ұсынған кісілер де болды. Қанша қаражат екенін айтпай-ақ қояйын. Сол кезде өте көп сумма. Бір жағынан сол үшін де жобаны жүргізудің қажеті жоғын түсіндім. Бір емес, бірнеше рет жүргізушіліктен бас тарту туралы әңгіме қозғалды. "Сенің орныңа басқа жүргізуші таптық, егер келіссең ақша береміз, рахметімізді айтамыз" деді. Тікелей эфир жүріп жатқанда бандиттер кіріп келіп, редакция қызметкерлерімен төбелескен. Жедел жәрдем келіп, алып кеткен де шығарылым болған. Бәрі шынайы еді. Ал жұрт оған сенбейді", – деп ағынан жарылды өнер иесі. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу