Бокстан ХХV ел чемпионаты өз мәресіне жетті

866

Бокстан ХХV ел чемпионаты өз мәресіне жетті

Олимпиада ойындарының чемпионы Серік Сәпиев Шымкентте өткен ел чемпионатында ерекше шеберлігімен көзге түскен үш боксшының есімін атады, деп хабарлайды Vesti.kz.
"Маған кімдердің жекпе-жегі ұнады дейсіз бе? Олар – Олжас Байниязов, Асланбек Шымбергенов және Әділбек Ниязымбетов. Бәрі де жақсы жұдырықтасты. Бірақ үшеуін ерекше атап өтуге болады", - деді Серік Сәпиев.
Ал жас боксшылар арасында Санатәлі Төлтаевтың жұдырықтасуын жоғары бағалады.
Айта кетейік, бокстан ХХV ел чемпионаты бүгін өз мәресіне жетті. Жалпыкомандалық есеп бойынша Оңтүстік Қазақстан облысының боксшылары бірінші орын алды. Олар 3 алтын 2 күміс 3 қола медаль жеңіп алды. Екінші орынға Маңғыстау облысының боксшылары ие болса, үштікті Жамбыл облысының боксшылары түйіндеді. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу