"Мені өлтіріп жатыр": Көмек сұраған әйелдің қоңырауын жауапсыз қалдырған 112 қызметкерінің жазасы жеңілдетілді

561

Ақтөбе облыстық соты төтенше жағдайлар қызметінің жедел диспетчері Әділ Қалидолланың жазасын жеңілдетті, деп хабарлайды inbusiness.kz сайтының тілшісі.

"Мені өлтіріп жатыр": Көмек сұраған әйелдің қоңырауын жауапсыз қалдырған 112 қызметкерінің жазасы жеңілдетілді Фото: Бейнежазбадан

– Ақтөбе облысы Ақтөбе қалалық №2 сотының 2024 жылғы 17 қыркүйектегі үкімі өзгертілсін. Әділ Қалидолла Қылмыстық кодексінің 371-бабының 2-бөлігімен оған мемлекеттік қызметте және құқық қорғау органдарында лауазымдарды атқару құқығынан үш жылға айыра отырып, 2 жыл бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалсын. Қазақстан Республикасы ҚК-нің 44-бабына сәйкес Әділ Қалидоллаға тағайындалған жазаның барлық мерзіміне пробациялық бақылау белгіленсін. Оған пробация қызметіне хабарламай тұрақты тұрғылықты жерінен кетпеу, басқа мекенге шықпау, жұмыстан бос уақытында тұрғылықты мекенжайынан кетпеу, жұмысын және оқуын ауыстырмау, ішімдік ішіп, ойын-сауық құратын жерлерге (мейрамхана, дәмхана, букмекерлік кеңселерге, түнгі және компьютерлік клубтарға) бармау міндеттерін орындау жүктелсін. Әділ Қалидолла жазаны өтеудің бүкіл мерзімі ішінде жыл сайын 100 сағаттан мәжбүрлі еңбекке тартылсын, – деп жазылған сот кабинетіндегі қаулыда.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу