Көмір бағасы 9,9%-ға қымбаттады

958

Табиғи монополияларды реттеу комитетінің өкілі "Егер жылу электр станциясы өтініш жасаса тариф саясатын қарастыруға дайынбыз" деп мәлімдеді.  

 Көмір бағасы 9,9%-ға қымбаттады

Енді жылу электр станциялары тарифтің өсірілуін талап етпек, деп хабарлайды Atameken Business.

Жылу энергетикасы саласын реттеу басқармасының басшысы Дамир Тоқтамысовтың айтуынша, әзірге тарифті көтеруді талап етіп, жылу эелектр станциялары өтініш жасамапты. Дегенмен, 1-ші қаңтардан бастап көмір бағасының 9,9 пайызға, яғни 192 теңгеге өскенін ескерсек, алдағы күзден бастап, бірқатар коммуналдық қызмет ақысы өсуі мүмкін. Соның ішінде, әрине, жылу бірінші кезекте. Былтыр қатты отынның құны 1 тоннасына 1941 теңге болса, енді жаңа жылдан бастап 2133 теңгеден сатылып жатыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу