Көмір бағасы бір жылда 11%-ға қымбаттады

692

Елімізде өндірілген көмірдің үштен бір бөлігі экспортқа кетеді. 

Көмір бағасы бір жылда 11%-ға қымбаттады

Биылғы қыркүйек айының қорытындысына сәйкес, еліміздегі тас көмір бағасы бір айда 2,9%-ға, бір жылда 10,8%-ға қымбаттаған, деп жазады inbusiness.kz energyprom.kz сайтына сілтеме жасап.

Бір жылда көмірдің орташа бөлшек бағасы 13,7 мың теңгеден 15 мың теңгеге дейін көтерілген. Ең қымбат көмір Тараз (19,5 мың тг), Орал (19,3 мың тг) қалаларында сатылған. Сондай-ақ көмірдің жоғары бағасы Жезқазған (16,4 мың тг), Алматы (16,2 мың тг), Талдықорған (16 мың тг) қалаларында да тіркелді.

2022 жылдың қаңтар-тамыз айларында лигнит пен көмір концентратын қоса алғандағы тас көмірді өндіру көлемі 76,5 млн тоннаны құраған. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 6,5%-ға артық. Оның ішінде 70,6 млн тонна тас көмір, 3,1 млн тонна лигнит, 2,7 млн тонна көмір концентраты өндірілді.

Осы жылдың қаңтар-шілде аралығында отандық компаниялар көмірге деген сұранысты (ішкі нарықтағы сату және экспорт) 99,6%-ға қамтамасыз етті. Бұл кезеңде өндіріс көлемі 5,8%-ға дейін өсіп, импорт 18,3%-ға төмендеген. Бұдан бөлек экспорт көлемі 16,3%-ға, ал ішкі нарықтағы сату көлемі 1,4%-ға артқан.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу