Көмір бағасын алып-сатарлар көтерген

980

Көмір бағасын алып-сатарлар көтерген

Арқа төріне соңғы 3 тәулікте 150 вагон көмір жеткізілген. Оның 10 мың тоннадан астамы жұрт арасында сұранысы жоғары – Шұбаркөл отыны. Қазір аймақтарға көмір әкелу ісін тікелей үкімет қадағалап отыр. Астана қалалық кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының мәліметіне қарағанда, қазір елордада қара отын тапшылығы жоқ. Жеткізумен қатар көмірдің бағасын да бақылау арнайы жұмыс тобына жүктелген. Өнімнің өткізу құны 11,5 мың теңге шамасында деп бекітілген. Дегенмен, алып-сатарлардың әрекеті салдарынан соңғы аптада 18-20 мың теңгеге дейін сатылған. Сондай-ақ, заңсыздықтардың бір қатарын Монополияға қарсы реттеу агенттігі де арнайы жүргізген рейд кезінде әшкерелеп отыр. Тексеру жұмыстары әлі де жалғасуда.

Естеріңізге салсақ, өткен аптада "жылыту маусымына дайындық нашар жүргізілуде" деп аймақ басшылары премьер-министр Бақытжан Сағынтаевтан қатаң ескерту алған болатын.

Азамат Рашидов, Астана қаласы Кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының бөлім басшысы:

"Бүгінде баға тұрақты. Біз ол бағаны күнделікті мониторинг жүргіземіз. Бағаның көтерілуіне жол бермейміз. Заңнамаға сәйкес осындай фактілер анықталса, тиісті шаралар қолданылады".

Нұрсұлтан Есқазиев, Астана қаласының тұрғыны:

"Осыдан 10-15 күн бұрын көмір ала алмай, 18-20 мың теңгеге көмір іздеп, таба алмай жүрген кездер болған. 11500 теңгеге бағасын түсіріп, халықтың қамын жасап отырған адамдарға рахмет".

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу