Бұл туралы Ашық үкімет порталында жарияланған, Үкімет қаулысында жазылған.
Құжатта "Қаулы экспортқа айрықша құқық берілген көмірдің жекелеген түрлерінің тізбесін және айрықша құқық берілген сыртқы сауда қызметіне қатысушылардың тізбесін бекіту мақсатында әзірленді.
Ол энергетикалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және көмір нарығын тұрақтандыру, сондай-ақ халықты және коммуналдық-тұрмыстық секторды көмірмен қамтамасыз ету үшін маңызды" деп жазылған.
Тиісті құжатпен енді тас көмір, одан алынған брикеттер, түйіршіктер мен қоңыр көмірді экспорттауға рұқсат беріледі. Алайда, ерекше құқық берілгендер тізімінде 26 компания ғана жазылған. Құжат 14 шілдеге дейін талқылауда болмақ.