Көмір эскпортына шектеу қойылуы мүмкін

1015

Көмір эскпортына шектеу қойылуы мүмкін

Шығыс Қазақстан обылысындағы көмір шығаратын "Қаражыра" кен орнына барған энергетика вице-министрі көмір экспортын уақытша тоқтату қажет екенін айтты, деп хабарлайды КТК.

Бақытжан Жақсалиев қазіргі уақытта елімізде қатты отынға деген сұраныстың тым артып кеткенін алға тартты. Мысалы, Қаражыра көміріне Қарағанды, Павлодар, Алматы облыстары зәру болып отыр. Сондықтан кен орындары сыртты қойып, бірінші кезекте іштегі қажеттілікті толық қалпына келтіру керек дейді үкімет өкілі.

"Минитсрлік халықты көмірмен толық қамту үшін қаңтар айында жедел штаб құрған болатын.  Бірақ қолайсыз ауа райы кедергі келтірді. Аяздың салдарынан жолдар  жабылғандықтан, тасымалдың көлемі азайып қалды. Көмір тапшылығы болып жатқаны содан", - деп уәж айтады Бақытжан Жақсалиев.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу