Көмір қоры жеткілікті ме?

624

Жылу беру маусымы жақындап келеді. Елде көмір қоры жеткілікті ме?

Көмір қоры жеткілікті ме?

Бұл сұраққа Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Индустриялық даму комитеті төрағасының орынбасары Тұрар Жолмағамбетов жауап берді, деп жазады inbusiness.kz.

"Өткен жылы күн ерте салқындағаннан кейін, көмірге деген сұраныс артты. Көмір дәл сол уақытта болмай, бірінші тапшылық, екінші бағаның өсуіне алып келді. Сол себепті біз бірінші кезекте көмірдің физикалық түрде болуын қамтамасыз етіп жатырмыз. Өткен жылмен салыстырғанда бүгінгі таңда 6-7 пайызбен оны артығымен жеткіздік. Алдағы уақытта оны көбейтеміз. Енді бағасына келетін болсақ, көмірдің 10 пайызын биржаға шығардық... Баға әртүрлі. Шамамен 6 мың теңгеден бастап 14 мың теңгеге дейін. Оның әртүрлі болуы көмірдің сортына байланысты", – деді спикер.

Тұрар Жолмағамбетов былтыр халыққа арналған көмірді вагондардан автокөлікке тиеп, оны сыртқа алып шығару фактілері тіркелгенін атап өтті. Мұндай жағдайларды болдырмас үшін министрлік арнайы бұйрық жобасын дайындап жатқанына да тоқталды.

Айта кету керек, министрлік былтырғы маусымдық кезеңдегі олқылықты ескере отырып, биыл қамдануды ерте бастаған.

"Министрліктің құзыретіне бағаны реттеу кірмейді... Ұсыныс көп болса, баға жоғарыламайды. Баяғы сол экономикалық принцип", – деді ведомство өкілі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу