Көмір қорын енді онлайн бақылауға болады

403

"ҚТЖ – Жүк тасымалы" ЖШС өңірлерді тас көмірмен қамтамасыз ету бойынша интерактивті деректер базасын жасайды. 

Көмір қорын енді онлайн бақылауға болады Фото: gov.kz

Онда кірме жолдардың техникалық сипаттамасы, түсіру қуаттары, ЖЭО қоймаларында көмірдің қоры туралы ақпарат жиналады және ретке келтіріледі, сондай-ақ жұмыс режимі және көмір тиеу жоспарлары бойынша деректер көрсетіледі, деп жазады inbusiness.kz ҚТЖ сайтына сілтеме жасап.

Бұдан басқа, теміржолшылар вагондардан көмір түсіру жүзеге асырылатын кірме жолдардағы қозғалыс қауіпсіздігі бойынша аудит жүргізеді. 

Хабарламаға сәйкес, ҚТЖ көмірді шығару бойынша міндеттемелерді жоспарлы режимде орындап келеді. 

"2023 жылдың қаңтар-мамыр айлары аралығында ҚТЖ желісі бойынша 44,3 млн тонна тас көмір тасымалданды.  Экспортқа 13,2 млн тонна қатты отын жіберілді. Республика бойынша 31,2 млн тонна тиелген. ЖЭО қоймаларына шамамен 28,4 млн тонна қатты отынды тасымалдау қамтамасыз етілген. Халық үшін 2,7 млн тонна көмір жеткізілді. Жүк жөнелтушілермен барлық мәселелер жұмыс тәртібімен жедел шешіледі", - делінген хабарламада.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу