Көмір қымбаттады

1267

Көмір қымбаттады

Елде көмір қоры жеткіліксіз болып отыр. Әсіресе, солтүстіктегі аймақтарда қатты отынды іздеп, сабылып жүрген жұрт көп. Дер кезінде жеткізілмегендіктен бар қордың да ақысы аспандап шыға келген. Мәселен, осы аптада күрт күн суытқан Павлодарда бір тонна көмірдің бағасы 12 мың теңгеге дейін барды. Тасымалдаушылар жалпы соңғы 3 айдың ішінде бағаның шашамен 2 мың теңгеге дейін өскенін айтады.

Шымкенттіктер де "қызуы күшті" келетін Шұбаркөлдің көмірін таппай жүр. Бұған дейін "Қаражыра"-ның бағасы 9-9,5 мың теңге деп сатылып келсе, енді оның бағасы 12 мыңнан асқан. Дегенмен вагонға жауаптылар әдеттегідей ешқандай кедергінің жоқтығын айтады. Қазір аймақтарға күнделікті 200 вагоннан көмір жіберіліп жатыр деседі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу