Көмір мен ағаш, газ бағасы өзгерді

2546

Еліміз бойынша көмірдің 1 тоннасының орташа бағасы 12 мың 400 теңге тұрады.  Бағаны  әдеттегідей делдалдар қалыптастырып отыр. 

Көмір мен ағаш, газ бағасы өзгерді

Статистика комитеті келтірген сандарға көз жүгіртсек, ең қымбат көмір Оралда. Тоннасы – 18,5 мың тг. Қызылордада – 14,1 мың тг, Алматыда – 14 мың. Ал Нұр-Сұлтанда – 12,3 мың тг.

Ал табиғи газдың бағасы көмір, ағашпен салыстырғанда әлдеқайда арзан. 1 текше метрі шамамен 8-10 теңге. Көгілдір отынды өндіретін өңірлерде – 32 теңге 500 тиын. Ең бастысы бұл жерде делдалдар жоқ. Себебі газ тұрғын үйлерге тікелей желі арқылы таратылады. Бірақ, көгілдір отын өкінішке қарай, барлық өңірде жоқ. Батыс пен оңтүстік өңірлер ғана газдың қызығын көріп жүр.

Ең төменгі тариф Атырауда – 1 шаршы метрі – 8 тг, Ақтөбеде – 9,8 тг, Ақтауда – 10 теңге.

Ал ең қымбат өңірлер көшін Шымкент пен Түркістан облысы бастап тұр: 1 текше метр газ – 32,5 теңге. Алматыда – 29,4 теңге.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу