Көмір өндіруші кәсіпорын 343,6 млн теңге көлемінде салықтан жалтарған

156

Осыған байланысты Қарағанды облысында 13 маусымда ҚК-нің 245-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.  

Көмір өндіруші кәсіпорын 343,6 млн теңге көлемінде салықтан жалтарған Фото: gov.kz

Қарағанды облысының прокуратурасы ірі көмір өндіруші кәсіпорынның салық төлеуден жалтару фактісін анықтады, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Тексеру барысында кәсіпорын үлестес тұлғаны бейрезидент ретінде пайдаланып, өзара есеп айырысуларда салық мөлшерлемесін 1,95 млрд теңгеге төмендеткені белгілі болды.

Тергеу нәтижесі бойынша кәсіпорын директоры қылмыстық жауапкершілікке тартылды.

Қазіргі уақытта залалды толық көлемде өтеуіне байланысты іс ҚК-нің 245-бабының ескертпесіне сәйкес ақталмайтын негіздер бойынша тоқтатылды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу