Көмір пайдалану көлемі қысқарады

1135

Жаңартылған энергия көздерін дамыту әлемдік трендке айналды.

Көмір пайдалану көлемі қысқарады

Қазақстанның 2050 жылға дейінгі төмен көміртекті даму стратегиясы экономика мен энергетиканың әртүрлі даму сценарилері кезінде көмір пайдалануды қысқарту немесе алмастыру мүмкіндіктерін қарастырады. 

"Әлем елдері экологиялық мәселелерді шешу үшін тиімді тәсіл іздеп жатыр. Себебі жаһандық климаттың өзгеруі қазіргі қарқынмен жалғаса беретін болса, түрлі апаттарға апаратынын түсініп отыр. Осыған орай қазір жаңартылған энергия көздерін дамыту әлемдік трендке айналды. Бізге экологияны ластанудан сақтау үшін көмір пайдаланудан бас тарту қажет. Мақсатқа жету үшін болашақта елімізде көмір пайдалану көлемі қысқарады. Оның орнын баламалы қуат көздері алмастырады", – деді климаттық саясат және жасыл технологиялар департаментінің директоры Олжас Ағабеков елорда да өткен семинарда. 

Оның сөзінше, әлем елдері бұл бастамаға әлдеқашан қадам жасаған. 

"Қытай осыдан 3 жыл бұрын 85 көмір электр станциясының құрылысына тыйым салды. Олар бұған дейін 18 көмір электр станциясының құрылысын тоқтатқан. Нидерланд елі 2030 жылға қарай көмірмен жұмыс істейтін электр станцияларын жабуды жоспарлап отыр", – деді департамент директоры.

Қанат Махамбет 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу