Көмір шахталарында тексеріс жүріп жатыр

382

Қарағанды шахталарында 2021 жылдан бері болған қайғылы оқиғалардың 95%-ына жарылыстар, өрт және газ-динамикалық құбылыстар себеп.  

Көмір шахталарында тексеріс жүріп жатыр Фото: telegram/Qarmet

Халықаралық Boston Consulting Group компаниясы 2023 жылдың желтоқсан айынан бері Qarmet-тегі көмір өндірісіне аудит жүргізіп жатыр. Қазір кеніштерде кешенді жаңғырту жұмыстарын жүргізу мәселесі қолға алынып отыр, деп жазады inbusiness.kz.

Шахталарды басқару үшін орталық диспетчерлік қызметті құру ұсынылған. Бұл өндірістік деректерді бір орталықтан бақылауға және геотербелістер сияқты қатер төндіретін сыртқы факторларға жедел әрекет етуге мүмкіндік береді. Бұған дейін шахталарға қажетсіз технологиялық жабдықтар алуға инвестиция құйылғаны анықталып отыр. Сондай-ақ кеніштерде еңбек жағдайларының бірыңғай стандарты сақталмаған.

Айта кетейік, 2023 жылдың соңында "АрселорМиттал Теміртау" компаниясы ресми түрде QARMET болып өзгерді. Қазақстандық Qazaqstan Steel Group атынан кәсіпкер Андрей Лаврентьев Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс министрлігімен ArcelorMittalTemirtau активтерін сатып алу туралы келісімге қол жеткізген болатын.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу