Көмір шаңынан мезі болған тұрғындар наразылықтарын білдірді

609

Қарағанды облысы Курьяновск елді мекенінің тұрғындары өндіріс мұржаларынан тарайтын түтінге тұншығып отырмыз деп дабыл қағуда.

Көмір шаңынан мезі болған тұрғындар наразылықтарын білдірді

Кәсіпорындардан шыққан көмір шаңы бүкіл ауылдың ауасын ластайтын көрінеді. Салдарынан, балалар арасында өкпе ауруына шалдыққандардың қарасы артқан. 

Куряновск  елді мекені көмір байыту өндірістерінің қақ ортасында орналасқан. Сондықтан, кәсіпорыннан шыққан шаңнан жұрт еркін тыныс алудан қалған. Бұл мәселе соңғы екі жылда тіптен үдей түскен. Тұрғындардың сөзінше, тіпті балалар арасында өпкесі сыр бере бастағандар бар.

"Үйге сабақтан кейін ұлым келеді. Бетін жуғанда күйе болып тұрады. 2 жылдан бері пайда болып жатыр. Балалар ылғи ауырады. Соның кесірінен уже өкпелері қабынып, жиі ауруханаға барамыз", дейді тұрғын Нұргүл Салқымбекова.

Халықтың шағымына қатысты облыстық экология департаменті тексерістер жүргізген. Түрлі олқылықтарды анықтап, 30 мың теңге айыппұл салыпты. Бірақ, қабылданған шешім мұндағы жұрттың ойынан шықпады. 

"Осы ауаны ластамау іс шараларын атқару керек еді, бірақ олар атқарылмады. Сондықтан әкімшілік жауапқа тартылды. Сонымен қатар 31 желтоқсанға дейін заң бұзушылықтарды жоюға нұсқама берілді", деді Облыстық экология департаменті басшысының орынбасары Дархан Есжанов.

Берілген нұсқама орындалмаса, онда сотқа береміз дейді экология департаментінің өкілдері. Мұндай жағдайда кәсіпорын жұмысын тоқтатуы мүмкін. Қазір тұрғындар өндірістің жабылуына қатысты петицияға қол жинауда. Оған екі мыңға жуық адам қол қойып үлгерген.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу