Көмір тиелген 426 қазақстандық вагон Украинаға кіре алмай тұр

912

Бұған Ресейдің жаңа қаулысы себеп.

Көмір тиелген 426 қазақстандық вагон Украинаға кіре алмай тұр

Көмір тиелген 426 қазақстандық вагон 2-3 күннен бері Ресейден Украинаға кіре алмай тұр, деп хабарлайды Atameken Business.

Салдарынан кәсіпкерлер шығынға батуда.

Ресейдің 1 маусымнан бастап күшіне енген қаулысына сәйкес, мұнай кокс, битум қоспасы, этан, бутан, бензол, толуол, этилен, пропилен, құбыр сынды өнімдерді Ресей аумағы арқылы Украинаға өткізуге тыйым салынған. Ал көмір, кокс, бензин, дизель отыны, пропан, сұйытылған газ елдің экономикалық даму министрлігінің рұқсатымен ғана экспортталуға тиіс.

"Атамекен" ұлттық кәсіпкерлер палатасының мәліметінше, Қазақстан үкіметі солтүстіктегі көршімен келіссөздер жүргізіп, жеткізілетін тауарлар мен олардың нақты көлемі жөнінде уағдаластық жасаған. Тек әзірге Ресей бұл келісімді орындамай отыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу