Мұны бүгін Қасым-Жомарт Тоқаев Париж келісімін орындау бойынша конференцияда айтты. Президенттің сөзінше, 2050-ге дейін еліміздегі көмір электр станцияларының бәрі жабылады. Ал араға 10 жыл салып жаңартылатын энергия көздерінің үлесі 80 пайызға дейін жеткізіледі. Бұл норма көміртектің нөлдік балансына қол жеткізудің кешенді жоспарында көрсетілген. Сондай-ақ Тоқаев көмірқышқыл газының деңгейін азайтуда орман өсірудің маңызды рөлін атап өтті. Қазақстанда 2025 жылға дейін 2 млрд түп ағаш отырғызылмақ.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу