Елімізде көмірден бөлінетін зиянды заттар енді азаяды. Мұны Назарабаев университеті, Самұрық Энержи және жасыл экономика академиясының ғалымдары бірлесе қолға алып отыр. Бұл жайында бүгін "Болашақ энергиясы" форумында мәлім болды. Жобада ғалымдар ең алдымен көмірден бөлінетін көмірқышқыл газдың мөлшерін азайтуды қарастыруда. Бұдан бөлек, сарапшылар он екі сессияда әзірленген шешімдер мен инновациялық жаңалықтарды арнайы құжат ретінде ұсынатын болады.
Эден Мамут ЕО отын элементтері мен сутегі бірлестігі ғылыми комитетінің төрағасы
Қазір біз барлық ақпаратты егжей-тегжейлі зерттеудеміз. Келесі айда бірлескен жобаның даму тұжырымдамасын ұсынатын боламыз. Жұмыстың бағытын түсіну қажет. Ал келер жылдың басында болашақ энергиясы институтын ашуымыз мүмкін. Сондай-ақ, біз қоқысты кәдеге жарату бойынша бірлескен жобаны бастау туралы да ойланып отырмыз.