Көмірді автокөлікпен шекарадан шығаруға уақытша шектеу енгізілді

561

Көмірді елден тыс жерлерге автокөлікпен шығаруға тыйым салу туралы 14.09.2022 жылғы ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің №514 бұйрығы шықты.

Көмірді автокөлікпен шекарадан шығаруға уақытша шектеу енгізілді

Уақытша шектеу тұрғындар мен коммуналдық және әлеуметтік нысандарға арналған көмірдің шекаралас өңірлерге автокөлікпен тасымалданып, қатты отынды көршілес мемлекеттерде қайта сату үшін шығарылған фактілердің анықталуына байланысты енгізіліп отыр, деп хабарлайды inbusiness.kz ИИДМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Министрліктің бұл шешімі жергілікті көмір тиеу тұйықтары мен өңір әкімдіктерімен бірлесіп әзірленген. Басты мақсат – 2022-2023 жылдарындағы жылу беру маусымы кезеңінде көзделген межені орындау және елдегі көмір тапшылығын болдырмау.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу