Көмірді Финляндия арқылы транзитпен тасымалдау мәселелері қаралды

978

"ҚТЖ" басқарма төрағасының бірінші орынбасары Қанат Әлмағамбетов пен VR Group компаниясының (Финляндия темір жолдары) президенті Рольф Янсон келіссөздер өткізді.

Көмірді Финляндия арқылы транзитпен тасымалдау мәселелері қаралды

Хельсинкиде (Финляндия) өткен Достастыққа мүше мемлекеттер теміржол көлігі жөніндегі кеңестің 70-ші отырысында "Қазақстан темір жолы" ҰК" АҚ басқарма төрағасының бірінші орынбасары Қанат Әлмағамбетов бірқатар екіжақты кездесу өткізді, деп хабарлайды ҚТЖ баспасөз қызметі.

VR Group компаниясының (Финляндия темір жолдары) президенті Рольф Янсонмен болған келіссөздер барысында Финляндия – Ресей – Қазақстан – Қытай және кері бағыттағы контейнерлік тасымалдауды дамыту, сондай-ақ қазақстандық көмірді экспортқа шығару жайы және де оны Финляндия арқылы транзитпен тасымалдау мәселелері қаралды.

Литва темір жолдарының бас директоры Мантос Бартушкамен кездесуде "Викинг" контейнерлік пойызы мен Транскаспий бағыты (ТМКБ) әлеуетін пайдалану, Клайпеда порты арқылы қазақстандық көмір мен астықты жөнелтуді ұйымдастыру, контейнерлік тасымалдауды еселеудің перспективаларын талқылады.

Екі ел аумағы арқылы жүкағының арттыру үшін қолайлы жағдайлар құру, тасымал көлемін ұлғайту мәселелері "Қырғыз темір жолдары" ҰК" ЖТ бас директоры Қанатбек Әбдікерімовпен болған кездесуде кеңінен сөз болды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу