Көмір тасымалдау үшін жартылай вагондар жеткілікті – ҚТЖ

2567

Қазақстан аумағында 59 мыңнан астам жартылай вагон тіркелсе, соның 55% көмір тасымалына пайдаланылады.

Көмір тасымалдау үшін жартылай вагондар жеткілікті – ҚТЖ

ҚТЖ баспасөз қызметі көмірді тасымалдау үшін жартылай вагондардың жеткілікті екенін хабарлады.

Елімізде жылыту маусымы басталды. Соған байланысты көмір тасуға жартылай вагондарға сұраныс та артады.

"ҚТЖ-Жүк тасымалы" АҚ 2019 жылдың 10 қыркүйегі мен 10 қазан аралығында "Жартылай вагондармен ерекше жұмысы режимі" айлығын жариялапты. Оның мақсаты – көмірді – стратегиялық жүктерді тасымалдау үшін жартылай вагондарды тиімді пайдалану.

"Айлық кезінде вагон паркінің сақталуын бақылау, вагондар айналымы мен жүк операциялары кезінде бос тұрып қалуды қысқарту мәселелеріне ерекше көңіл бөлінеді. Әрбір жол бөлімшесінде жылжымалы құрамның тұруын төмендету мақсатында жүктерді түсіру бойынша түңгі ауысым ұйымдастырылған",– деп хабарлайды баспасөз қызметі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу