Күрделі жобалар бойынша көмірсутектерді өндіруге арналған үлгілік келісімшарт Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің 2023 жылғы 24 қаңтардағы № 29 бұйрығымен бекітілген. Құжат "Әділет" ҚР нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесінде ашық қолжетімді.
Бұл жобаны іске асыру 32 млн АҚШ доллары көлемінде қол қою бонусын төлеуді, 6 млрд АҚШ долларынан астам сомада тікелей инвестициялар тартуды және жобаны әзірлеудің бастапқы кезеңінде шамамен 2,0 мың жаңа жұмыс орнын құруды көздейді.
"Бұған дейін атап өтілгендей, ЖМК бойынша жұмысқа Қазақстан Республикасының аумағында жұмыс істейтін ірі әлемдік мұнай-газ компанияларының, "Қазақстандық Шетелдік инвесторлар кеңесі" қауымдастығының және "KAZENERGY" мұнай-газ және энергетика кешені ұйымдарының қазақстандық қауымдастығының өкілдері тартылды.
Жоғарыда көрсетілген заң шығару қызметінің практикалық нәтижесі 2023 жылғы 24 қаңтарда ҚР Энергетика министрлігі мен "ҚазМұнайГаз" ҰК" АҚ арасында Каспий теңізінің қазақстандық секторында орналасқан "Қаламқас теңіз, Хазар, Әуезов" жер қойнауы учаскелеріне жер қойнауын пайдалану құқығын беру бойынша тікелей келіссөздер жүргізу болды (күрделі теңіз жобасы).
Көмірсутектер саласындағы ұлттық компанияның стратегиялық әріптесі ретінде әлемдегі ең ірі қоғамдық тік интеграцияланған мұнай-газ компанияларының бірі – "Лукойл" компаниясы таңдалды", - делінген хабарламада.