Комиссия АӘК алғысы келетіндердің үйлерін араламайтын болады

991

Бердібек Сапарбаев мемлекеттік органдар басшыларының назарын "Е-Халық" жүйесімен базаларды біріктіру бойынша жұмысты жандандыру қажеттігіне аударды.

Комиссия АӘК алғысы келетіндердің үйлерін араламайтын болады

25-мамырдағы жағдай бойынша, 185 мың отбасыға жаңартылған атаулы әлеуметтік көмек төленді. ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Бердібек Сапарбаев елбасының "Әлеуметік қамқорлық" әлеуметтік шараларын жүзеге асыру бойынша өткен селекторлық кеңесте осылай деді.

"Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес-біз еңбекке қабілетті адамдардың барлығын жұмыспен қамтамасыз етуге тиіспіз. Көпбалалы отбасыларға және мүгедектігі бар адамдарға өз ісін ашу үшін жағдай жасау. Осыған байланысты "Еңбек" жұмыспен қамту мемлекеттік бағдарламасына қайтарымсыз мемлекеттік гранттар беру және жеңілдетілген микрокредит беру бөлігінде өзгерістер енгізілуде", – деп атап өтті министр.

Сонымен қатар, ол мемлекеттік органдар басшыларының назарын "Е-Халық" жүйесімен базаларды біріктіру бойынша жұмысты жандандыру қажеттігіне аударды.

"Адамдар комиссиялар келіп, мін іздейтініне шағымданады. Бізде пайдаланылуы қажет ақпараттық жүйелер бар және сол арқылы болашақта үйлерді араламайтын болады. Мен әкімдіктерден бұл мәселеге шындап кірісуін сұраймын", – деді Бердібек Сапарбаев.

2019 жылғы 1 сәуірден бастап АӘК көрсету мөлшері күнкөріс деңгейінің 50%-дан 70%-ға дейін көтеріліп, 20 789 теңгені құрады. Егер АӘК-тің орташа мөлшері отбасының әрбір мүшесіне бұрын 4 834 теңгені құраған болса, сәуір айынан бастап әр балаға 20 789 тг төленеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу