Комиссия АИТВ жұқтыру дерегіне қатысты аралық нәтижелерді жариялады – Ерболат Досаев

Тексеру толық аяқталғаннан кейін қала әкімдігі мен Денсаулық сақтау министрлігі тиісті шешім қабылдайды.

Комиссия АИТВ жұқтыру дерегіне қатысты аралық нәтижелерді жариялады – Ерболат Досаев Фото: azattyq-ruhy.kz

Алматы әкімі қала ауруханаларының бірінде АИТВ-ның анықталғанына  қатысты түсініктеме берді.

"Бұл мәселе бойынша жұмыс жалғасуда. Материалдар Алматы қаласының санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментіне берілді. Комиссия өз жұмысын жалғастыруда, кеше аралық нәтижелер жарияланды", – деді Алматы әкімі Ерболат Досаев ОКҚ брифингінде.

Әкімнің айтуынша, комиссияның тексеруі аяқталғаннан кейін барлық шешімді қала әкімдігі мен Денсаулық сақтау министрлігі қабылдайды.

"Барлығы өз жұмысына жауапты болуы керек. Егер аурухана мен қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшылары кінәлі деп танылса, онда олар жауап береді. Тиісті шешім қабылдаймыз", – деді әкім.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу