Бұл туралы Алматы қаласы бойынша Тексеру комиссиясының төрағасы Алтай Бердіқұлов қалалық мәслихаттың VI сессиясында хабарлады.
Оның айтуынша, соңғы 5 жылда Алматы қаласының бюджеті едәуір өскеніне қарамастан, оны толықтыруда барлық резерв тартылған жоқ.
Бюджетті қосымша толықтыру әдістерінің ішінде қаланың сауда базарларын көлеңкелі сектордан шығару, жер салығының мөлшерлемесін қайта қарау, заңсыз жарнама орналастырудың жолын кесу, әкімшілік айыппұлдарды өндіріп алуды көбейту аталды.
"Аталған бұл шараларға жүргізілген талдауға сәйкес, жергілікті бюджетке түсетін түсімдердің қосымша резервтерін жыл сайын 50 млрд теңгеге дейін қарастыруға мүмкіндік береді", – деді Алтай Бердіқұлов.