Комитет Каспийде итбалықтардың не себепті қырылғанын айтты

244

Каспий теңізінің жағалауына мониторинг жүргізу барысында Түпқараған ауданында 62 өлі итбалық ұшасын тапты.

Комитет Каспийде итбалықтардың не себепті қырылғанын айтты Фото: gov.kz

Балық шаруашылығы комитеті Каспий теңізінде итбалықтар не себепті қырылғанын хабарлады, деп жазады inbusiness.kz сайты.

2024 жылғы 29 наурызда Маңғыстау облысы бойынша балық инспекциясы басқармасының Жайық-Каспий облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясының қызметкерлері Каспий теңізінің жағалауына мониторинг жүргізу барысында Түпқараған ауданында 62 өлі итбалық ұшасын тапты.

Қолданыстағы өзара іс-қимыл схемасына сәйкес жұмыс тобының барлық мүшесі (жергілікті атқарушы органдар, мамандандырылған ғылыми ұйымдар, Каспий итбалығын зерттеу және оңалту орталығы, гидробиология және экология институты, Қазақстандық Қолданбалы Экология Агенттігі, Микробиология және вирусология ғылыми-өндірістік орталығы, облыстың ветеринариялық қызметі, Экология және полиция департаменттері, Табиғат қорғау прокуратурасы) жедел түрде хабардар етілді.

Итбалықтар табылған жерге Жайық-Каспий облысаралық балық шаруашылығы бассейндік инспекциясы, Маңғыстау облысы бойынша экология департаменті, Каспий итбалығын зерттеу және оңалту орталығы, ветеринарлық станция және жергілікті атқарушы органдар өкілдерінен тұратын жұмыс тобы шықты.

Маңғыстау облысы бойынша экология департаменті су сынамаларын алды, Ветеринариялық станция қызметкерлері ішкі ағзалардың тіндерін (бауыр, өкпе), ал Каспий итбалығын зерттеу және оңалту орталығы азу тістерін, тырнақтарын және жүнін тиісті зертханалық зерттеулер жүргізу үшін алды.

"Табылған өлекселерде физикалық зақым анықталған жоқ. Итбалықтардың өлекселерінің шығуы қатты дауылдың салдарынан болды. Қазіргі уақытта жергілікті атқарушы органдар санитарлық нормаларды сақтай отырып, жою жұмыстарын жүргізу үшін теңіз жануарларын жинауда. Жайық-Каспий облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясының қызметкерлері Каспий теңізінің жағалау аймағының мониторингін жалғастыруда. Ақпарат түскен сайын жаңартылады", - делінген комитет хабарламасында.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу