Комитет өкілі Асылбек Мұстафаев "Үлкен күмән туғызады. Бұл жерде тіпті алаяқтық белгілері де бар" деп күмән келтірді.
Ал Туризм және спорт министрлігі Ойын бизнесін реттеу комитетінің өкілі Әбдел Балтатегі сотта блогерлер Ерболат Жанәбілов пен Эльмира Төлегенованың ұтыс ойынын "жалған" деп атады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Сондай-ақ, ол блогерлер өткізген ұтыстарда нақты ережелер мен жеңімпаздарды таңдаудың ашық тетігі болмағанын ашық айтты.
– Жеңімпазды анықтауда ашықтық жоқ. Ешбір жерде бағдарламаның алгоритмі жазылмаған. "Жеңімпаз немесе 5 мың көлемінде жұбаныш сыйлығын алушы қалай таңдалады, айфонды жеңіп алған адам қалай анықталады?" бұның ешқайсысы жоқ, – дейді ол.
Комитет өкілінің сөзінше, ұтыс ойыны тікелей эфирде арнайы жабдық лототрондарды пайдалану арқылы өткізілуі керек болған.
– Шын мәнінде, бұл тікелей эфирде лототрондарды жабдықтау арқылы жүргізілуі тиіс еді. Ал бұл тәуліктің кез келген уақытында жасалады. Кешірім сұраймын, бұл – алаяқтық, – деп сөзін қорытындылады Әбдел Балтатегі.