Комитет шетелден қаржы алатындардың жаңа тізімін жариялады

107

Тізімде барлығы 186 азамат тіркелген.  

Комитет шетелден қаржы алатындардың жаңа тізімін жариялады Фото: gov.kz

Мемлекеттік кірістер комитеті шетелден қаржы алатын азаматтардың жаңа реестрін жариялады, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Қаржы министрлігіне қарасты комитет 2025 жылдың алғашқы жартыжылдығына арналған жаңа реестрді жариялады. Бұл жолы тізімге 186 азамат еніп отыр.

Жалпы елімізде мұндай тізім 2022 жылдан бері жарияланып келеді. Бұл шара азаматтардың мемлекетке және үкіметтік емес ұйымдарға деген сенімін арттыруға бағытталған деп түсіндіреді жауаптылар.

Комитеттің түсіндіруінше, шетелден алынған қаражат пен мүлік туралы есеп беру талабы халықаралық тәжірибеге толық сәйкес келеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу