Сенат сессиясының каникулдан кейінгі алғашқы отырысында комитет төрағалары сайланды.
Басқосуда сенатор Дана Нұржігіт сенаттың халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитеті төрағалығына Мұхтар Құл-Мұхаммедті ұсынды
"Мұхтар Абрарұлы – өте тәжірибелі, белгілі мемлекет және қоғам қайраткері, – деді Дана Нұржігіт.
Дауыс беру нәтижесінде сенатордың ұсынысы әріптестерінің қолдауына ие болып, Мұхтар Құл-Мұхаммед осыған дейін атқарған лауазымына сайланып, бұрынғы қызметіне қайта кірісті.
Іс барысында Ольга Перепичина – қаржы және бюджет комитетінің, Владимир Волков – конституциялық заңнама, сот жүйесі және құқық қорғау органдары комитетінің, Мұрат Бақтияров – әлеуметтік-мәдени даму және ғылым комитетінің, Әли Бектаев – аграрлық мәселелер, табиғатты пайдалану және ауылдық аумақтарды дамыту комитетінің төрағасы, Дәурен Әділбеков – экономикалық саясат, инновациялық даму және кәсіпкерлік комитетінің хатшысы болып сайланды.
Қанат Махамбет