Комитет төрағасы параға алған ақшаға салоннан су жаңа көлік сатып алған

1050

Комитет төрағасы параға алған ақшаға салоннан су жаңа көлік сатып алған

ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринарлық бақылау және қадағалау комитетінің төрағасы С.Хасенов Қазақстан аумағына ет өнімдерін әкелуге рұқсат бергені үшін ай сайын пара алып отырған. Бұл туралы Baq.kz деп хабарлайды.

Тергеу барысында анықталғандай, кәсіпкерлер ай сайын Қазақстанға жеткізілетін ет өнімдерінің әр келісі үшін С.Хасенов пен оның сенімді тұлғасы Е.Решетькоға белгіленген баға бойынша ақша төлеп келген.

С.Хасеновтің заңсыз әрекетінен осы жылдың наурызы мен қазан айлары аралығында ел аумағына 7,4 мың тоннадан астам құс еті еш кедергісіз жеткізілді.

С.Хасенов пен Е.Решетько алған пара сомасы 37 млн теңгені құрайды.

С.Хасенов қылмыстық жолмен тапқан ақшаны өз қажетіне жұмсаған, атап айтқанда биыл қазан айында салоннан Toyota Land Cruiser 200 (2016 жылы шыққан) маркалы автокөлік сатып алған.

Қазіргі таңда С.Хасенов сот санкциясымен қамауға алынды. Сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу